Алматыда өрт қойып жүрген адам өрт сөндіруші болып шықты (видео)
«Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.Оны Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алған, ол Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлімі 440-бабы және 1-бөлімі 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. https://www.youtube.com/watch?v=zkNiR_Y5MPM