logo
search
menu

Түркістанда бір қой 40 мың долларға сатылған

Түркістанда бір қой 40 мың долларға сатылған
9 қыркүйек, 2022
Түркістанда бір қой 40 мың долларға сатылған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бәйдібек ауданының фермері Аманолла Айтаханов бір қойды 40 мың долларға (шамамен 19 млн теңге) сатқан. Бұл туралы кәсіпкер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға айтып берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Шаруаның айтуынша, жақында ол гиссар тұқымды қошқарды пәтер құнына тең бағаға сатқан.
    «Маған бизнесімді дамытуға грант бөлінді. Иә, мен бір қошқарды 40 мың долларға саттым. Оны Сарыағашта тұратын адам сатып алды. Қошқардың салмағы шамамен 200 кг. Әлі де сатылатын қошқарлар бар, олардың құны 20 мың доллардан кем емес», – деді фермер.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы