Путинге 583 млн доллар тұратын «Шахерезада» яхтасын кім сыйлаған?

Путинге 583 млн доллар тұратын «Шахерезада» яхтасын кім сыйлаған?

ашық дереккөзі

Италияда арестте тұрған «Шахерезада» супер яхтасын құрастыруға 583 миллион еуро жұмсалған. Мүлік құжатында яхтаның «Роснефть» компаниясының бұрынғы президенті Эдуард Худайнатовқа тиесілі екені жазылған. Ресейлік олигархтар оны президент Владимир Путинге жаңажылдық сыйлық ретінде тарту еткен. Мұндай мәліметті «Досье» зерттеу орталығы таратты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Азаттық радиосына сілтеме жасап. Супер яхта биыл мамыр айында Италиядағы Марина ди Каррара портында арестке алынды. Сол кезде жергілікті билік бұл мүлік санкция тізіміндегі ресейліктердің біріне тиесілі болуы мүмкін екенін айтқан. Италия билігіне хат жазған Худайнатов яхтаның өзінікі екенін және өзінде тағы екі супер яхта - 106 метрлік «Амадея» мен 135 метрлік «Кресент» барын айтқан. Басылым мәліметінше, жаңажылдық сыйлыққа ақшаны миллиардер Геннадий Тимченко жинаған. «Досье» сыйлыққа үлес қосқан басқа да олигархтардың есімін атамады. «Шахерезада» Ресей президенті Владимир Путинге тиесілі екені туралы мәлімет бұған дейін басқа да зерттеулерде айтылған. Яхта экипажы Федералдық күзет қызметінің мамандарынан тұратыны айтылған. Кремль «Досье» материалына қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Taulik.kz

Loading...