Маңғыстауда мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Ұзаққа созылған еңбек дауына байланысты қызметкерлер Тоқаевқа видео-хабарлама жолдады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ЖШС мұнай-газ өндіру компаниясының қызметкерлері жалақыны 100 пайызға арттыруды талап еткен видео пайда болды. Қазір олар еңбек ететін кен орнындағы жалақы орташа есеппен 300 мың теңгені құрайды.
Олардың айтуынша, жұмысшылар өздерінің талаптарын 25 шілдеде айтқан, бірақ басшылық мұндай шарттарды қабылдаудан бас тартқан.
Одан кейін компания қызметкерлері ҚР Энергетика министрлігіне хат жолдап, облыстық кәсіподаққа өтініш білдірген. Соның нәтижесінде президентке видео-хабарлама жіберіп, жағдайға араласуды сұрап отыр.
Видеоны осы
сілтеме арқылы көре аласыз.
Taulik.kz