«Қазір күштінің заманы»: Хаменова сотта мәлімдеме жасады

«Қазір күштінің заманы»: Хаменова сотта мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Рысқалиев мені бұл іске тек жауапкершілікті болдырмау немесе олардың әрекеттері үшін жазаны жеңілдету үшін тартып отыр. Қандай да бір лауазымға ие бола отырып, мен әрқашан сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы болдым», – дейді ол.
Айыпталушы Рысқалиев жазбасындағы  4, 500 000 мың теңге деген сөзін  түсінбегенін айтады.
«Құрметті сот! Менің әкеден ерте айырылып, шешеден тірі айырылған екі құлынымның дауысын естімегеніме 9 ай болды. Әрі қарай тағдырым қалай болатынын бір Алла біледі. 70 жастағы төсекке таңылған анам бар, аңыраған артымда елім бар. Құрметті сот! Қазір күштінің заманы, антикордың заманы. Мені «Назарбаевтың жақтасы», «Назарбаевқа айтады» дейтін болар. Елбасын жақсы көремін. Ол кісінің елге сіңірген еңбегін айта беремін. Сол үшін мені жек көретін болса, жек көре қойсын. Бірақ менің елге жасаған еңбегімді, 15 жыл бала оқытқанымды, коронавирус кезінде адамдарды аман алып қалу үшін алысқанымды ел неге айтпайды?» – деді Бақытгүл Хаменова.
https://www.youtube.com/watch?v=70Y9UKCXbfk

Taulik.kz

Loading...