АҚШ Украинаға жиырмаға жуық көмектің жаңа пакетін ұсынады, жалпы көмек көлемі 13 млрд долларға жетті, деп хабарлайды taulik.kz «Голос Америка» басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы 8 қыркүйекте АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте Украина президентімен кездесуінде айтты. «АҚШ-тың қорынан алынған бұл жиырмаға жуық көмек пакеті Президенттің ақпан айындағы жарлығы бойынша бөлінеді. Жалпы көмек көлемі 13 млрд-қа жетті. Бұдан бөлек, Украинаны ұзақ мерзімді қолдау аясында тағы да 1 млрд долларды сыртқы әскерді қаржыландыруға бағыттайтынымызды Конгреске ескертеміз», – деді Блинкен эфирде. АҚШ Мемлекеттік хатшысының айтуынша, украиналықтар өздеріне келіп жатқан зымырандар мен артиллериялық қаруларды Ресейге қарсы тиімді пайдаланып жатыр.
13 млрд доллар: АҚШ тағы да Украинаға көмек береді
13 млрд доллар: АҚШ тағы да Украинаға көмек береді
