logo
search
menu

Зеленский: Жерімізді өзімізге қайтардық!

Зеленский: Жерімізді өзімізге қайтардық!
12 қыркүйек, 2022
Зеленский: Жерімізді өзімізге қайтардық!
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Украин жауынгерлері Харьков облысында ресейліктерге күтпеген жерден соққы жасады.
    Украина әскері қыркүйектің 1-нен бері Ресей армиясынан 2 мың шаршы шақырым аумақты қайтарды.
    Мұны президент Владимир Зеленский жариялады. Сонымен қатар, украин жауынгерлері Харьков облысында ресейліктерге күтпеген жерден соққы беріп, оларды Изюм, Балаклея, Купянск тәрізді статегиялық маңызы зор қалалардан қашуға мәжбүр еткен. Алайда, Ресей қорғаныс министрлігі бұл жерлерден қарулы күштерін Донецк облысына қайта топтасу үшін әкеткенін хабарлап отыр. Көптеген бақылаушылардың пікірінше, Украина сарбаздары Купянск теміржол торабын қайтара отырып, Ресейді солтүстік-шығыс майданда қару-жарақ тасымалдау мүмкіндігінен айырды. Атап өтерлігі, Украина әскері өткен айда Херсон облысында да қарымта шабуылға кірісті. Онда Днепр өзенінің үстінен өтетін көпірлер қиратылып, Ресейдің ондаған мың жауынгеріне қоршауға түсу қаупі төніп тұр.

    Дереккөз: Qazaqstan телеарнасы 

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы