АҚШ Украинаға 2022 жылдың ақпан айының соңынан бастап 47 мың тонна қару-жарақ пен әскери техника жеткізген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде:
▪️ 140 артиллериялық жүйе және 660 000 снаряд пен зымыран,
▪️ 41 000 тасымалданатын зымыран кешені,
▪️ 1400 тасымалданатын зениттік зымыран кешені,
▪️ 15 тікұшақ,
▪️ 18 патрульдік қайық,
▪️ 38 радар,
▪️ 10 200 автомат пен тапанша,
▪️ шамамен 63,8 млн патрон.
Қару-жарақ пен техниканы жеткізу үшін барлығы: 28 кеме, 67 пойыз, 1500 трейлер пайдаланылып, Еуропаға 754 рейс жасалған. АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қарудың көп бөлігі Украина шекарасына жақын Жешув қаласына жеткізілген.
Taulik.kz