logo
search
menu

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам ұсталды

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам ұсталды
13 қыркүйек, 2022
Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды, - деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. Қызылорда облысының Полиция департаменті 7-9 қыркүйек аралығында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелгені анықталды. Оның ішінде біреуі жезөкшелікке, үшеуі жеңгетайлыққа қатысты болып отыр.
    "Аталған шара барысында 1 адам жеңгетайлықпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды. Ал 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынса, олардың 3-і ер адам екені белгілі болды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін 4 азамат анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы