logo
search
menu

Украина Ресей әскерлерінің инфрақұрылым нысандарына соққы жасағанын айтты

Украина Ресей әскерлерінің инфрақұрылым нысандарына соққы жасағанын айтты
13 қыркүйек, 2022
Украина Ресей әскерлерінің инфрақұрылым нысандарына соққы жасағанын айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Украина билігі Ресей әскерлерінің инфрақұрылым нысандарына соққы бергенін хабарлады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. Күні кеше, нақтырағы жексенбі күні Харьков пен Харьков облысының бірнеше аудандарында электр қуаты мен су жүйесі істен шықты. Бұған себеп, Ресей әскерлерінің инфрақұрылым нысандарына соққы беруі. Бұл туралы облыс әкімі Олег Синегубов мәлімдеді. "(Ресейлік) басқыншылар Харьков қаласы мен аймағындағы маңызды инфрақұрылым нысандарына соққы берді", – деп жазды Синегубов жеделхатта. Сонымен қатар Днепропетровск облысының губернаторы Валентин Резниченкода өзінің Telegram әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады. Ол өзінің мәлімдемесінде: "Кейбір қалалар мен ауылдар электр жарығынсыз қалды. Ресейліктер энергетикалық инфрақұрылымға соққы берді. Олар ұрыс даласындағы жеңіліспен келісе алмайды", – деп жазды. «Сондай –ақ, Біз жеңе аламыз. Біз бәрін тезірек қалпына келтіреміз"- деді ол.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы