Желіде Маңғыстау облысы «әкімі орынбасарларының бірінің» қатысуымен болған төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап. Сыртқы бақылау камерасына жазылған видео қыркүйектің 10-нан 11-іне қараған түні тараған. Видеоны түсірген қолданушы кадрларда «Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларының бірі» бейнеленгенін айтады. Видеода ер адамдардың төбелесі анық байқалады. Айта кетейік, облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін хабарлады. Әкімдіктен басқа ақпарат берілген жоқ. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Taulik.kz