Мәзір
13 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда кімдер 12 қыркүйектен бастап 2 миллион теңгеге дейін ала алады?

Қазақстанда кімдер 12 қыркүйектен бастап 2 миллион теңгеге дейін ала алады?

Қазақстанда кімдер 12 қыркүйектен бастап 2 миллион теңгеге дейін ала алады? Қазақстанда кімдер 12 қыркүйектен бастап 2 миллион теңгеге дейін ала алады?
ашық дереккөзі
Отбасы банкіндегі депозиттер бойынша өтемақы алуға болады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Отбасы Банкіндегі депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 1 қазанынан басталады. Ал салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі 12 қыркүйекте күшіне енген жеке тұлғалардың теңгемен салынған депозиттері бойынша өтемақы өтеу қағидасымен реттеледі. Отбасы банкінде депозиті бар қазақстандықтар Ұлттық банк пен Үкіметтің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Яғни Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10 пайыз көлемінде өтемақы ала алады деген сөз. Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың теңгемен салынған депозиттері бойынша өтемақы төлеу қағидаларымен реттеледі. 10 пайыз көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома - 20 миллион теңге. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттің жалпы сомасы. Яғни бұл жағдайда 2 миллион теңге өтемақы алуға болады. Банк мәліметіне, 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 триллион теңгеге 2,3 миллион жинақ шоты болды.
«Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Бұл процесті онлайн режимде істеуге болады. Өтініштерді 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанда www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады», - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Өтемақы есептелгенге дейін депозитін сақтаған салымшыларға ғана өтемақы төленеді. Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды. Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда ол да тиісті өтемді алады. Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.

Taulik.kz

Апта талқысында: