Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 93 адамға жетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында бесінші қыркүйекте 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын. Нәтижесінде қаза тапқандардың саны бүгінде 93 адамға жеткен.
Биліктегілер бұған дейін 74 адам ажал құшты, қалған із-түзсіз жоғалып кеткен 25 адамды іздестіру және құтқару жұмыстары жүріп жатыр деген болатын. Өткен жылдың маусым айында дәл осы Сычуань провинциясының Яан қаласында болған жер сілкінісі 4 адамның, 2013 жылы 7 баллдық жер сілкінісі 100 адамның өмірін қиған.
Taulik.kz