logo
search
menu

«Қорғау» бағдарламасы арқылы 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды

«Қорғау» бағдарламасы арқылы 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды
13 қыркүйек, 2022
«Қорғау» бағдарламасы арқылы 6,5 миллион теңге айыппұлы бар автокөлік анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жыл басынан бері полицейлер бейне бақылау камераларының көмегімен, берешектері мен әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік иесін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Соның бірін атап өтсек, жақында Жедел басқару орталығына Шымкент қаласының жеке сот орындаушысынан «Тойота Камри» маркалы автокөлікті анықтауға көмек көрсету туралы сұрау түскен. Алайда бұл көлік иесі 6,5 миллион теңге көлеміндегі қарызын төлемей жүрген. Полицейлер сол күні-ақ аталған автокөліктің орналасқан жерін анықтау мақсатында бейне бақылау камералары арқылы іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен күмәнді «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды. Тәртіп сақшылары борышкердің автокөлігін айып тұраққа қойды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейнебақылау камераларын пайдалану «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді – сала мамандары.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы