logo
search
menu

Рим Папасының қарапайым машинасы астаналықтарды таңқалдырды (видео)

Рим Папасының қарапайым машинасы астаналықтарды таңқалдырды (видео)
13 қыркүйек, 2022
Рим Папасының қарапайым машинасы астаналықтарды таңқалдырды (видео)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Рим Папасы Нұр-сұлтан әуежайынан Ақордаға дейін жүріп өткен қарапайым көлік елорда тұрғындарын таңқалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Рим Папасы Франциск мінген ұшақ сағат 17:18-де Нұр-Сұлтан әуежайына қонды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды қарсы алып, Қазақстанға келу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Кездескеннен кейін олар Ақордаға бет алды. Осы сәтте әлеуметтік желілерде Рим Папасының кортежі түсірілген видео жариялана бастады. Астаналықтар ол мінген қарапайым көлік Fiat 500L-ге таңқалды. Кейін Ақорданың баспасөз қызметі Рим Папасының видеосын жариялады. Оның шынымен де кішкентай ақ түсті көліктің алдыңғы орындығына отырғаны белгілі болды. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы