logo
search
menu

Түркістанда көрші ауылдан келген жігіт бесінші сынып оқушысын зорлап кеткен

Түркістанда көрші ауылдан келген жігіт бесінші сынып оқушысын зорлап кеткен
13 қыркүйек, 2022
Түркістанда көрші ауылдан келген жігіт бесінші сынып оқушысын зорлап кеткен
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде көрші ауылдан келген жігіт бесінші сынып оқушысын зорлап кеткен. Күдікті анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Зардап шегушінің ата-анасы ұлының зорланғаны туралы полицияға хабарлаған.
    «2022 жылдың 12 қыркүйегінде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, көрші ауылдың тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына зорлық-зомбылық көрсеткені туралы арызданған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді», - делінген полиция хабарламасында.
    Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті жас жігітті ұстады.
    «Ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша тергеу Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп мәлімдеді полиция басқармасы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы