logo
search
menu

Қазақстандағы алапат өрттің шығу себебі анықталды

Қазақстандағы алапат өрттің шығу себебі анықталды
13 қыркүйек, 2022
Қазақстандағы алапат өрттің шығу себебі анықталды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда қыркүйектің басында болған дала өртінің себептерін айтып өтті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Жаз мезгілінде жауын-шашынның едәуір көп мөлшерде жаууы, шөптің өсуіне ықпал етті. Оған қоса жаздың соңғы күндері, күздің басындағы құрғақшылық кезеңімен тұспа-тұс келіп, күрт жылыну әсер етті. Оған қоса адами фактор да рөл ойнады. Мен қасақана өртеу туралы айтып отырған жоқпын. Бұл прокуратура мен тергеу органдарының ісі. Адами фактор деп отырғаным - табиғатқа жиі шығып, қоқыс тастаймыз, бұл өртке ықпал етеді. Біз Қостанайда найзағай разряды сияқты табиғи құбылысты бірден жоққа шығардық. Сондықтан тергеу органдары адам факторының болуы нұсқасын қарастыруда. Бұл қасақана жасалды ма, абайсызда болды ма, тергеу анықтайды», - деді министр.

Taulik.kz

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы