logo
search
menu

Әлем чемпионы атанған бүлдіршінге берілген спортивка халықтың ашуын тудырды

Әлем чемпионы атанған бүлдіршінге берілген спортивка халықтың ашуын тудырды
13 қыркүйек, 2022
Әлем чемпионы атанған бүлдіршінге берілген спортивка халықтың ашуын тудырды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қыркүйек айында Батыс қазақстандық Алтынай Саматова Болгарияның Кранево қаласында өткен дойбыдан әлем чемпионатында 9 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Әлеуметтік желіде кішкентай чемпионға әкімшіліктің берген сыйлығы талқыға түсті. Бұл туралы журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
    «Болгария мемлекетінде дойбының үш түрінен өткен әлем чемпионатынан үш алтын алып, еліміздің көк Туын қатарынан 3 мәрте көтергізіп, 3 дүркін чемпионы атанып келген жерлесіміз, 8 жасар Алтынай Артур қызымызды құттықтаймыз! Әттеген-айы, чемпион қызымызға елге оралғанда әкімшіліктің берген сыйлығының сықпыты мынау. Шұбатылған спартивка мен бір бет диплом. Ел үмітін ақтап келген бүлдіршінімізге жасап тұрған құрметі бұл мадақ па, әлде мазақ па?! Осыдан кейін кімнің шабыты оянып, еліміздің спорты қайдан дамиды. Сөзім жоқ, ұят...», – деп жазды ол.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы