Шольц Путинді дипломатиялық шешім табуға шақырды

Шольц Путинді дипломатиялық шешім табуға шақырды

ашық дереккөзі

Германия канцлері Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Олардың әңгімесі бір жарым сағатқа созылды және әңгіменің басым бөлігі Украинадағы жағдай мен оның салдарына арналды. Шольц Путинді мүмкіндігінше тезірек атысты тоқтатуға, Ресей әскерінің толық шығарылуына және Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеуге негізделген дипломатиялық шешім табуға шақырды. Германия канцлері Ресейдің аннексия бойынша кез келген қадамы жауапсыз қалмайтынын және ешқандай жағдайда танылмайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол Запорожье АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Taulik.kz

Loading...