"Біз Киевтегі қауіпсіздік туралы келісім одақтас елдер мен Украинаның негізгі тобын біріктіреді деп күтеміз. Кепіл беруші мемлекеттер тобы: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Польша, Италия, Германия, Франция, Австралия, Түркия, сондай – ақ Солтүстік Еуропа мен Балтық, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен тұруы мүмкін", - деді Андрей Ермак.Сонымен қатар, кепіл беруші мемлекеттер арасында барлығы үшін ортақ негізгі шарттан басқа қауіпсіздікті қолдау мәселелерінде елдер арасындағы қатынастардың егжей-тегжейлі аспектілерін реттеуге тиіс екі жақты шарттар жасалуы мүмкін.
Президент Владимир Зеленский: «Бұл өте маңызды қадам» - деп атап өтті.Мемлекет басшысы сарапшылар тобына аталған жобаны аяғына дейін жеткізулеріне тілектестік білдірді. Президенттің пікірінше, болашақ келісімге ең қуатты мемлекет басшыларының қол қоюы өте маңызды. Ал саясаттанушы Олег Пономар НАТО-ға мүше болу жеткілікті екенін, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік беретін басқа құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ екенін айтады.
Taulik.kz