Мәзір
14 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ертеңнен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі

Ертеңнен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі

Ертеңнен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі Ертеңнен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі
ашық дереккөзі
Ертеңнен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Еліміздің жанармай құю станцияларында 15 қыркүйектен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі. Үкімет басшысы салалық министрлікке осындай тапсырма берді. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазір тәуліктік лимиттерді бақылаудың цифрлық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде жедел штабтар құрылды. Мамандар күн сайын қалдықтарға мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, баға негізсіз өссе немесе сатудан бас тартқан жағдай болса, тұрғындар колл-орталықтарға жүгіне алады. Сонымен қатар, энергетика министрі елімізде дизель отынын өндіру көлемі артқанын мәлімдеді. Биыл жыл басынан бері дизель өндірісі 3,53 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.

Апта талқысында: