Мәзір
14 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Депутат педофилдердің әрекетіне қыздардың өзін кінәлады (видео)

Депутат педофилдердің әрекетіне қыздардың өзін кінәлады (видео)

Депутат педофилдердің әрекетіне қыздардың өзін кінәлады (видео) Депутат педофилдердің әрекетіне қыздардың өзін кінәлады (видео)
ашық дереккөзі
Қырғызстан парламентінің депутаты Ақбөкөн Таштанбеков қыздардың өзі педофилдердің назарын аударатынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Өзіңіз айтқандай, интернетте зорлық-зомбылыққа толы мәлімет өте көп. Оны жастар ашық көріп отыр. Біз мигранттарға жұмыс бере алмаймыз, бірақ учаскелік полиция қызметкерлері балаларын тіркеп, оларға қарай алады. Сол учаскелік қызметкерлер мектептерге келіп, мектеп формасын да қадағалай алады. Жақында бір оқу орнына бардым, кейбір оқушы қыздар өте қысқа белдемше киіп жүр. Менің ойымша, кейде қыздардың өздері жағдайды ушықтырады. Қарапайым адам өтіп кетеді, байқамайды, ал педофилдер қыздарды көріп, аңдуы мүмкін», - деді ол.
Айта кетейік, Қырғызстанда Қадамжай ауданында ер адамдар мектеп оқушысын зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді. Оқушының денесін Нооғардан ауылы маңынан тапқан, жергілікті тұрғындар оқиға туралы полицияға хабарлаған. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болған - оны буындырып өлтірген, қолдары байланған. Айыпталушылардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. https://www.youtube.com/watch?v=Ob4criQzOAo

Taulik.kz

Апта талқысында: