logo
search
menu

«Халық шешім қабылдасын»: Грузия Ресейге қарсы соғыс ашпақ па?

«Халық шешім қабылдасын»: Грузия Ресейге қарсы соғыс ашпақ па?
14 қыркүйек, 2022
«Халық шешім қабылдасын»: Грузия Ресейге қарсы соғыс ашпақ па?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Грузия Украина өкілдерінің Ресейге қарсы «екінші майдан» ашу туралы үндеуінен кейін халықтың ұстанымын білу үшін референдум ұйымдастыруы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Грузия басылымы билеуші «Грузин арманы» партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзеге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Taulik.kz сайты.
    «Біз сауалнама, плебисцит өткізіп, халықтан Грузияда екінші майдан ашылғанын қалай ма, деп сұрай аламыз. Халықтың айтқанын орындай аламыз. Көрейік, халық осыған байланысты шешім қабылдасын – олар Украина үкіметінің шенеуніктерімен немесе бізбен келіседі», – деді ол.
    Кобахидзенің айтуынша, ел басшылығы бұл идеяны қолдамайды. Оның атап өтуінше, Украина үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктері Грузияда «екінші майдан» ашып, елді әскери қақтығысқа тартқысы келетінін жасыра алмайды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы