Еуропаның 9 елі енді ресейліктерге туристік виза бермейді

Еуропаның 9 елі енді ресейліктерге туристік виза бермейді

ашық дереккөзі

Ресейліктер енді Еуропалық одақтың құрамына кіретін тоғыз мемлекетке туристік виза ала алмайды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Аталған тоғыз елдің қатарына: «Бельгия, Дания, Латвия, Литва, Нидерланды, Польша, Словакия, Чехия және Эстония мемлекеттері кіреді» - деп хабарлады ресейлік туроператорлар қауымдастығы. Айта кетейік, 12 қыркүйектен бастап Еуропалық одақ ресейліктерге виза беру тәртібін күрделендірді. Енді Шенген алу үшін бұрынғыдай 35 емес, 80 еуро төлеу керек. Оны рәсімдеу 1,5 айға созылды. Қажетті құжат тізімі де көбейді. Тапсырыс бергендердің барлығына бірдей рұқсат берілмеуі де мүмкін. Бұрынғыдай бірнеше мәрте шекара асып жүру деген болмайды. Виза қысқа мерзімге ғана арналады. Яғни сапар қанша күнге жоспарланса, сол уақыт аралығында ғана блокқа мүше елдерде еркін қатынауға болады. Еуропалық Одақ кеңесі кейбір елдерге қосымша шектеу енгізуге де рұқсат берді. Онда бұрынғы визаның күшін жою мәселесі де қарастырылған. 16 жыл бұрын Ресей мен Еуропалық одақ виза беруді жеңілдету туралы келісім жасаған. Оған сәйкес, азаматтар бір реттік визамен 3 ай жүре алатын.

Loading...