logo
search
menu

Зеленский Киевте жол апатына түсті

Зеленский Киевте жол апатына түсті
15 қыркүйек, 2022
Зеленский Киевте жол апатына түсті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Украина президенті Владимир Зеленский Киевте жол апатына түскен, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы өз Facebook парақшасында. 
    «Киевте жеңіл автокөлік Украина президенті мінген және оның артынан еріп келе жатқан көліктермен соқтығысқан. Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге табыстаған. Дәрігер сондай-ақ, президенттің де жағдайын тексеріп, алаңдайтын жарақат жоқ екенін айтты. Жол апатының анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайды», - деп жазған баспасөз хатшы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы