Әкімнің қабылдауына балалар да жазыла алады

Әкімнің қабылдауына балалар да жазыла алады

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Шардара қаласы әкімінің қабылдауына тек ересектер ғана емес, балалар да жазыла алады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Аймақ басшысының айтуынша, мұндай тәсіл тек ата-ананың ғана емес, балалардың да пікірі маңызды екенін көрсетіп, олардың еркін өсуіне көмектеседі. Қала әкімі Олжас Айдаров мамыр айында халықтың басым бөлігі дауыс беруі арқылы сайланған.: «Мен жастарға баса назар аударамын. Олар қабылдауыма келгенде, ешкімді қатысуынсыз жеке отырып сөйлесемін. Жастармен жақынырақ сөйлессең ашылады. Барлық мәселесін айтып береді. Қазіргі таңда жастардың патриоттық сезімін ашумен айналысып жатырмын»,-дейді Шардара қаласының әкімі Олжас Айдаров. Шардарда шешімін таппаған мәселелер көп. Оның ішінде газ орнату мен қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да бар. Шенеуніктер мұның бәрі жақын арада шешіледі деп уәдесін беріп отыр. Ал халық жас басшыға сенеді, бірақ тұрғындар сабырдың да шегі бар екенін еске салды.

Loading...