Мәзір
15 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы тереңдей түсуде

Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы тереңдей түсуде

Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы тереңдей түсуде Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы тереңдей түсуде
ашық дереккөзі
Украина жеріне басып кіріп, соғыс ашқан Ресей Батыс тарапынан қатаң сынға ұшыраған болатын. Салдарынан Батыс Ресейге өз есігін тарс жапты. Енді Ресей Қытаймен қарым-қатынасын тереңдете түсуде. Өз кезегінде Тайваньға байланысты Батыс тарапынан сынға ұшыраған Қытай да Ресейді өзінің ең маңызды одақтасы санайды. Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Путинмен күні кеше Қазақстанда кездесті. Екі көшбасшы кейін Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы көшбасшыларының Саммитінде бетпе-бет кездеседі деп күтілуде. Айта кетейік, Қытай президенті 3 жылдан кейін алғаш рет шетелге сапар жасауда. «Украина мен Тайвань дағдарысы Мәскеу мен Пекинді жақындатты. Экономикалық қатынастары рекордтық деңгейге жетті. Мәселен өткен жылы Мәскеу-Пекин арасындағы сауданың көлемі - 148 миллиард долларды құраған. Жаңа кезеңде Мәскеу мен Пекин арасындағы саяси және сауда қатынастарынан бөлек, әскери ынтымақтастықта тереңдей түспек», - деді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы TRT News-ке берген сұхбатында. Бұған дейін ақпан айында екі елдің басшылары Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында кездесті. Аталған кездесуде екі ел басшысы стратегиялық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Алдағы уақытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Еуразиялық одаққа әсер етуі үшін Си мен Путин бірлесіп әрекет ететін болады. Пекин мен Мәскеу Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қосылғанына, ал Иранның мүшелік уақытының аяқталуына жақын қалғанына қуанышты.

Апта талқысында: