«Бұл фильмнің идеясы маған он жыл бұрын алғашқы картинамды түсіруге дайындалып жатқанда келді. Кейіпкердің басына түскен қиындықтарға қарамастан, мен әрқашан бұл оқиғаны өмірге деген махаббатқа толы деп санайтынмын», – деді режиссер.Фильм Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Ал Эмир Байғазин 2013 жылы әр түрлі фестивальдерде 25-тен астам марапаттарға ие болған «Уроки гармонии» картинасымен әлемдік кино алаңына шықты. Ол Қазақстанға алғашқы болып Берлин кинофестивалінің «Күміс аюы» жүлдесін әкелген. Кейін режиссердің «Раненый ангел» мен «Өзен» фильмдері шықты, батыс жұртшылығы оны жылы қабылдады. «Өзен» фильмінің әлемдік премьерасы 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілді, онда Эмир «Үздік режиссер» ретінде марапатталды. 95-ші рет берілетін Америкалық киноакадемия сыйлығына үміткерлердің тізімі 2023 жылғы 24 қаңтарда жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылғы 12 наурызда өтеді.
Taulik.kz