Мәзір
16 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі

ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі

ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі
ашық дереккөзі
ҰҚШҰ Біріккен штабының брифингі өтті, деп хабарлайды Taulik.kz Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Брифинг барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының басқару органдары мен құралымдарының бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайындығы туралы хабардар етті. Бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға ұйымға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволары мен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Брифингке қатысушылар бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық аясында жоспарланған іс-шаралар кешені туралы, өткізілетін іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері, тартылатын күштер мен құралдар туралы, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) бірлескен оқу-жаттығуларының ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.

Taulik.kz

Апта талқысында: