Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
16 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстандық әскери қызметшінің суреті мен деректері алаяқтар туралы мәліметке енді

Қазақстандық әскери қызметшінің суреті мен деректері алаяқтар туралы мәліметке енді

Қазақстандық әскери қызметшінің суреті мен деректері алаяқтар туралы мәліметке енді
ашық дереккөзі
Қазақстандық әскери қызметшінің суреті мен жеке деректері алаяқтар туралы мәліметтер базасына енген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Tengrinews.kz редакциясына Александр В. есімді әскери қызметші, подполковник жүгінген. Ер адам  жеке куәлігі мен қызметтік құжатынының суретін алаяқтар қолданғанын айтқан. Белгісіз адамдар танымал сайтқа қымбат жиһаздар мен тұрмыстық техникаларды арзан бағада сатамыз деп хабарландыру берген. Хабарландыруда телефон нөмірі көрсетілген. WhatsApp сілтемесі арқылы нөмірге өтсеңіз,  профилден Александрдың жеке куәлігі мен қызметтік құжатының суреті шығады. Ер адам өзінің жеке деректері желіде қалай тап болғанын түсіндірді. Өткен жылдың соңында Александр балаларына ойын приставкасын сатып алмақшы болған. Хабарландырулардың бірінен ойын приставкасының сатылатындығын көрген. Содан хабарландырудың астында көрсетілген нөмірге хабарласқан. Белгісіз ер азамат, қызмет бабы бойынша Петропавлдан Павлодарға көшіп бара жатқанын, содан заттарының бір бөлігін сатып жатқанын айтқан. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына сатылған жиһаздарды алып баратын көлік шығатынын, егер ол алдын-ала төлем жасаса  ойын приставкасын сол көліктен беріп жіберетінін жеткізген. Александр келіспеген. Тауарды көрмей ақша аудара алмайтынын айтқан. Кейін ол Александрге өзінің куәлігі мен қызметтік құжатын жіберген. Өзінің полиция қызметкері екенін айтқан.
«Алдын ала төлем жасамасаң да ойын приставкасын жіберемін, бірақ маған  құжаттарыңның суретін түсіріп жіберші» деп ол өтініш білдірген. Мен де құжаттарымның суретін жібердім, - деп еске алады Александр.
Келісілген күні Александр тауарды алмаған. Ойыншықты сатқан сатушының  нөмірі де өшірулі болған.
«Бір айдан кейін, осы жылдың қаңтар айының соңында ішкі істер органдары мен зардап шеккендерден қоңыраулар келе бастады. Зардап шеккендер OlX сайтынан менен түрлі тауарлар сатып алғандарын, маған ақша жібергендерін айтқан», - деді Александр.
Оның айтуынша, сайтта әлі күнге дейін оның жеке деректері бар.
«Мен күн сайын әлгі сайтқа мониторинг жүргіземін. Күніне кем дегенде 300-ге жуық жарнаманы анықтаймын, онда менің деректерім көрсетіледі. Мен сайттың қызметкерлеріне жазамын, алайда олар хабарландыруды бірден өшіре алмайды. Тек бір аптадан кейін ғана өшіре алады екен», - дейді Александр.

Taulik.kz