Дінбасылар наразылығы: Иранда хиджабты дұрыс кимеген қыз көз жұмды

Дінбасылар наразылығы: Иранда хиджабты дұрыс кимеген қыз көз жұмды

ашық дереккөзі

Иранда наразылық күшейе бастады. Бұған себеп, оқиға хиджабты дұрыс кимеді деп ұсталған 22 жастағы ирандық Махсы Аминидің қазасынан кейін туындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.  Тегеранда ағасымен метродан шығып келе жатқан қызды әдеп полициясы ұстап алған. Ұстау орталығында Амини кенеттен инфаркттан есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілген. Онда ол комаға түсті деп мәлімдеді. 16 қыркүйек, жұма күні оның қайтыс болғаны туралы ресми хабарламалар пайда болды. Иран мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, ұстау орталығында қызға хиджаб киюдің әдептері үйретілген. Ал қыз эпилепсия және басқа да аурулардан зардап шегіп, кенеттен есін жоғалтқан. Алайда туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Амини дені сау жас қыз болған және ешқандай жүрек ауруынан зардап шекпеген. Олар бұл жағдай ұстау орталығында ұрып-соғудың салдарынан болды деп санайды.

Taulik.kz

Loading...