Taulik.kz
Жапондар Синдзо Абэні жерлеуге жұмсалған шығынға наразылық білдіріп жатыр
Жапондар Синдзо Абэні жерлеуге жұмсалған шығынға наразылық білдіріп жатыр
25 қыркүйек, 2022

Мазмұны
Жапонияда 8 шілде күні өмірден өткен Синдзо Абэні жерлеу рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Жерлеу рәсімі 27 қыркүйекте өтеді, оны өткізуге - 12 миллион доллар бөлінген. Осыған байланысты халық жаппай наразылыққа шықты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Абэге Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен тарихын, сондай-ақ автократиялық саясатты қайта қарауды қалағаны үшін айып тағылды. Наразылық білдірушілердің бірі өзін өртеп те жіберді.
Айта кетейік, Абэнің денесі қазірдің өзінде кремацияланған. Бұрынғы премьер-министрмен мемлекеттік деңгейде қоштасу туралы шешім қабылданғандықтан, мұндай ауқымды рәсімді ұйымдастыруға үш айға жуық уақыт кеткен.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы