«Бүгінде бұл тәжірибе бар. Пандемия кезінде жұмыстың ерекшелігіне байланысты біреу төрт күн, біреу бес, біреу алты күн жұмыс істеді. Ең бастысы, жалақы есептелетін сағаттың нормативін жоғалтпауымыз керек», – деді министр.Оның айтуынша, жалақы төмендемеуі үшін сағат нормативі қажет.
«Сондықтан біз арнайы икемді жұмыс режимін көрсеттік, бұған тыйым салынбайды. Еңбекақы нормативін қамтамасыз етуге болады және ету де керек, яғни ең төменгі жалақыдан төмен болмауы қажет. Екіншісі – жалақы төмендемеуі үшін сағат нормативі қажет. Сондықтан бұл – адамдарға ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемді әдістердің бірі. Қазір платформалық жұмыспен қамту осы мәселе бойынша жарқын мысал бола алады», – деді Дүйсенова.
Taulik.kz