logo
search
menu

Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылды

Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылды
28 қыркүйек, 2022
Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Елімізде 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтар енді «жастар санатына» жатады. Бұрын бұл меже 14-29 жас аралығында еді, деп хабарлайды  Taulik.kz  сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 2006 жылдан бері Қазақстанда алғаш рет «Жастар саясаты туралы» заңға елеулі өзгерістер енгелі отыр. Заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қабылданды. Жаңа ережеге сай, енді ел халқының үштен біріне жуығы, яғни, 6,2 млн адам жастар категориясына жатқызылады. Бұл бұрынғы саннан екі есеге артық. Демек олардың барлығы жастарды қолдау бағдарламаларына қол жеткізе алады. Сондай-ақ 5,2 млн жас азамат сайлауда дауыс беру құқығын иеленеді.                                                                                                                                                     Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы