Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
26 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Бір денесі, екі басы, төрт қолы бар егіздер дүниеге келді

Бір денесі, екі басы, төрт қолы бар егіздер дүниеге келді

Бір денесі, екі басы, төрт қолы бар егіздер дүниеге келді
ашық дереккөзі
Египетте бір әйел денелері бір-бірімен жабысып қалған, екеуіне ортақ екі аяқ, төрт қолы бар егіздерді өмірге әкелді, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Әзірге аты аталмай отырған әйел балаларының қандай болып туылатынын алдын ала білген. Олар жүктіліктің тоғызыншы айында кесіп алу жолымен жарыққа шығарылған. Жаңа туған егіз нәрестелердің бір-бірімен ортақ бір денесі, екі басы, екі аяғы және төрт қолы болатыны күні бұрын анықталған. Сондықтан әйел дәрігерлердің ұдайы бақылауында тұратын арнайы ауруханаға жатқызылған. Балалардың жынысы да әзір айтылып отырған жоқ. Қазір егіздердің ішкі құрылымдары асқазаны мен кеудесі ортақ екенін анық болып тұр. Сондықтан оларды ажыратып алу мүмкін емес. Бұған қоса, бұрынғы тәжірибелерден белгілі болғанындай, мұндай егіздердің әрі қарай өмір сүріп кетулері де өте-мөте қиын екені де құпия емес.