Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
30 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жаңа жылға сенбейді: Қырғыз әйелі алаңдағы шаршаны өртеп жіберді

Жаңа жылға сенбейді: Қырғыз әйелі алаңдағы шаршаны өртеп жіберді

Жаңа жылға сенбейді: Қырғыз әйелі алаңдағы шаршаны өртеп жіберді
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Майлуу-Суу қаласында әйел алаңдағы шыршаны өртеп жіберді, - деп хабарлайды Taulik.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға 30 желтоқсанға қараған түні болған.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, өз кінәсін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол Жаңа жылға сенбейді. Әйел адамдар суретке түспеуі үшін шыршаны өртеуге бел байлаған", - делінген хабарламада.
Оқиға дерегі бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті бюджеттен 90 мың сом (486 мың теңгеден астам) бөлінген шырша 25 желтоқсанда орнатылған. Оның биіктігі – 5 метр.