logo
search
menu

Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау тұрғыны 12 млн теңге сыйақы алды

Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау тұрғыны 12 млн теңге сыйақы алды
20 қаңтар, 2023
Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау тұрғыны 12 млн теңге сыйақы алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл - параның жалпы сомасының 10%-ы, деп хабарлайды Taulik.kz.
    «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді», - деді агенттік өкілдері.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат ынталандырылды. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы