Интернетте қазақcтандықтар мен ресейліктердің «Z» әрпі үшін жанжалдасқан видеосы тарады

Интернетте қазақcтандықтар мен ресейліктердің «Z» әрпі үшін жанжалдасқан видеосы тарады

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ресейліктерден көлік әйнегіндегі «Z» жапсырмасын алып тастауды талап еткен видео тарады, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Rýhy. Видео "ZHEST_KZ" Telegram-арнасында пайда болды. Оқиға Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевкада болғаны хабарланды. Көлік жолаушысы жапсырманы алып тастап үлгерген, бірақ бір әйел «олар Ресей азаматтары» оларға әйнекке қалағанын желімдей алады деп жағдайға араласпақ болған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=IrnW5xwrUK8[/embed] «Z» және «V» белгілерін Украина аумағында ресейлік әскерлер қолданады. Олар өздерінің әскери техникаларын осы белгілермен белгілейді. Кейбір Еуропа елдері бұл белгілерді қолдануға тыйым салды. Кейінгі уақытта бұл рәмізді Қазақстанда қолдану бірінші рет емес. Нұр-Сұлтанға саяхаттап келген «Z» әрпі бар жейдедегі ресейлік турист қазақстандықтарды ашуландырды. Жергілікті тұрғындардың бірі мұны терроризмді насихаттайды деп, полицияға жүгінген. Осыдан кейін полицейлер туристпен сөйлесті. Бұдан бұрын да қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Ресейдің жеке әскери компаниясының жалдамалыларын караокеде ән салған бір топ жігітті айыптап, жауапқа тартуды талап еткен болатын. Сондай-ақ Саран қаласының тұрғыны ескерткіш боп тұрған танкке «Z» таңбасын салғаны үшін қамауға алынды.

Loading...