«Иә, мен Алматының республикамыздағы ең бір сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екені туралы пікрілермен келісемін. Қала 27 қауіпті техногендік плитаның қосындысында орналасқан. Бұл негізінен қаланың таулы аудандары. Өзгелеріне қарағанда барынша қауіпсіз аудан – Түріксіб ауданы. Қалған Медеу, бостандық аудандары, басқалары да плиталардың қосындысында орналасқан. Бұл орындарда қауіп айтарлықтай жоғары. Жер сілкінісі бола қалса, қаланың 60-70 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжау деректері бойынша, 9 және одан да жоғары апаттық зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараттары 30% дейін қирауы мүмкін. Осыдан-ақ қандай шығын келетінін есептеуге болады», - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін
Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін
23 ақпан, 2023

Мазмұны
Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы