Мәзір
23 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынып жатқан әкімшілік орталық сүріледі

Алматыда заңсыз салынып жатқан әкімшілік орталық сүріледі

Алматыда заңсыз салынып жатқан әкімшілік орталық сүріледі Алматыда заңсыз салынып жатқан әкімшілік орталық сүріледі
ашық дереккөзі
Бостандық ауданында төрт қабатты ғимарат салынды. Алматыда заңсыз салынып жатқан әкімшілік орталық бұзылады, деп хабарлайды taulik.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Бостандық ауданында (Экспериментальная көшесінің солтүстігінде, Ходжанов көшесінің шығысында) әкімшілік орталықтың төрт қабатты ғимаратының құрылысы талапқа сай емес жүргізілді. Нысан жобаның сараптамасынсыз салынған. Сонымен қатар тексеру барысында бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелді.
«Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесімен екі жылдан астам уақыт бойы сот жұмыстарын жүргізді. 2020 жылдың 6 наурызында арызданушы тараптың шағымы Бостандық аудандық сотына жіберілді. Сот шешімімен арыз қабылданды. Алматы қалалық сотының 2020 жылғы 16 қазандағы қаулысымен алғашқы өткен соттың шешімі өзгеріссіз қалды», – делінген.
2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімінің ерікті түрде орындалуы туралы хабарлама жіберді. Алайда, белгілі болғандай, осы уақытқа дейін меншік иесі жер телімін саудалаған.
«Қала құрылысын бақылау басқармасы жер телімін алып-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызды мақұлдады. Нәтижесінде сот үкімі екеуара мәмілені жарамсыз деп тапты. Атқару парағы 2022 жылғы 5 мамырда Алматының Әділет департаментіне жіберілді. Нысанды бұзу 2022 жылдың 9 тамызына белгіленді. Алайда сот орындаушысының іс – әрекетіне шағымдану салдарынан бұзушылық болған жоқ», – деп түсіндірді әкімдік.
Жаңадан ашылған заңнамалар бойынша Алматы қалалық сотына құқық бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым берілген. Бірақ сот арыз беруші тараптың шағымын қанағаттандырмады.
«Бүгінгі таңда Алматы қаласы Әділет департаментінің мәлімдеуінше, сот орындаушысы нысанды бұзу жұмыстарының нақты күнін әлі де нақты бекітпеген», – деп қорытындылады қалалық әкімдік.

Апта талқысында: