Павлодар тұрғыны өз пәтеріне өрт қойып, терезеден секіріп кеткен

Павлодар тұрғыны өз пәтеріне өрт қойып, терезеден секіріп кеткен

ашық дереккөзі

Павлодарда ер адам өз пәтеріне өрт қойып, артынша терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды taulik.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін 23 ақпан күні Павлодар қаласы, Айманов көшесі, 26-үйде болған.

«Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында АМПТ диагнозы бойынша есепте тұрған, суицидке бейім ер адам есікті ашпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар күшімен алдыңғы есік ашылды. Белгілі болғандай, аутопсиядан кейін ер адамның пәтерді өртеп, өзі терезеден секіргені анықталды», - делінген хабарламада.
ТЖД өртке қарсы қызметі үй заттарының, жиһаздарының өртенгенін анықтады. Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метр жерді шарпыған. Жалын сағат 18:55-те толықтай сөндірілді. 1986 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Алдын-ала диагнозы бойынша оның оң қолы мен аяғы сынған. Оқиға болған жерге өрт сөндіру және апаттық құтқару бөлімінің 17 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.

Loading...