logo
search
menu
Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы неге жұдырықтаспағаны мәлім болды
ашық дереккөзі

Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы неге жұдырықтаспағаны мәлім болды

Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы неге жұдырықтаспағаны мәлім болды Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың Страндж кубогындағы жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды taulik.kz.
«Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Страндж рингіне шықпады.⠀ Айта кетейік, 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен, денсаулығын ойлауы қажет», – делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)