logo
search
menu

Ерлан Қарин қайтыс болған әнші Darkhan Juzz-ге арнап жазба жариялады

Ерлан Қарин қайтыс болған әнші Darkhan Juzz-ге арнап жазба жариялады
24 ақпан, 2023
Ерлан Қарин қайтыс болған әнші Darkhan Juzz-ге арнап жазба жариялады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің қазасына байланысты көңіл айту жазбасын жариялады, деп жазады taulik.kz.
    «Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дарынды әнші Darkhan Juzz Дархан Жүнісбеков өмірден өтіпті. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды. Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!» – деп жазды Қарин желідегі парақшасында.
    Бұған дейін белгілі қазақстандық жас әнші Darkhan Juzz-дің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.
     
    Посмотреть эту публикацию в Instagram
     

    Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы