Мәзір
25 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Ұрып құлатқан»: Оралда 77 жастағы зейнеткер әжейді тонап кеткен

«Ұрып құлатқан»: Оралда 77 жастағы зейнеткер әжейді тонап кеткен

«Ұрып құлатқан»: Оралда 77 жастағы зейнеткер әжейді тонап кеткен «Ұрып құлатқан»: Оралда 77 жастағы зейнеткер әжейді тонап кеткен
ашық дереккөзі
Оралда 47 жастағы ер адам зейнеткер әжейді тонап кетті. Күдікті 77-дегі тұрғынды тонамас бұрын басынан ұрып құлатқан, деп хабарлайды taulik.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.  Ведомство мәліметінше, зейнеткер сауда үйіндегі ақша айырбастау пунктіне келіп, ақшасын айырбастамақ болған. Электронды таблоға қарап, валюта бағамына үңілген ол ақшасын кейінірек айырбастаймын деп шешім қабылдаған. Әжейді байқап қалған бейтаныс ер адам оның артынан ілесіп, аңдып келген. Үйіне дейін жетіп, подъездің алдына келе бергенде басынан ұрып құлатып, қолындағы пакетін тартып алып кеткен. Пакет ішінде азық-түлік пен айырбастамақшы болған 200 мың теңге көлеміндегі ақша салынған әмиян болған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол ұрланған ақшаны жаратып үлгеріпті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігіне (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Апта талқысында: