Мәзір
25 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 9 айлық қарызын өтеді

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 9 айлық қарызын өтеді

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 9 айлық қарызын өтеді ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 9 айлық қарызын өтеді
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысында прокуратураның араласуымен тау-кен өндіру кәсіпорнының 182 қызметкерінің жалақысы төленді, деп хабарлайды Taulik.kz ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, кәсіпорындардың жалақы бойынша берешекті төлеуі ерекше бақылауда. Заң бұзған кәсіпорындарды уақтылы анықтау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Соның нәтижесінде, «Востокшахтострой» АҚ қызметкерлеріне жалақы бойынша берешекті төлеу мәселесі шешілді.

«Кәсіпорын иесінің соңғы 9 айда 182 қызметкерге қарызы 125 млн теңгеге жеткен. Қабылданған тиісті шаралардың арқасында бұл сома оларға 24 ақпанда толықтай төленді. Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін «Востокшахтострой» АҚ басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ бүгін Өскемен қаласы прокуратурасының басшылығы осы кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Қызметкерлерге жұмыс орнында алған жарақаттары үшін тиесілі жәрдемақылардың, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру төлемдерінің толық көлемде және уақтылы төленуі керектігі жөнінде түсіндірілді.

Апта талқысында: