Мәзір
27 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды

Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды

Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды
ашық дереккөзі
Ресей Федерациясының Украина аумағына толық ауқымда соққы жасап, соғыс бастағына бір жыл толды. Осы өкінішті жағдайға байланысты Украина жаңа пошта маркасын шығарған, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Британиялық суретгі Бэнксидің суреті әуел баста Киевтің жанындағы Бородянка қаласында Ресей соққысынан қираған үйдің бір қабырғасына салынған. Суретте Ресей президенті Владимир Путинге ұқсайтын адамның кішкентай баламен күресіп, жеңіліп жатқаны бейнеленген. Айта кетейік, Путин дзюдо спорты түрінен қара белбеу алған және бұрыннан осы спортқа қызығушылық танытады. Бэнксидің суреті украиндар тарапынан бір жылдан бері жауға төтеп берген елдің батырлығын бейнелейді деп қабылданды. Марка айналымға шыққан күні Киевтің бас поштасының алдында оны сатып алмақ болған адамдар ұзын-сонар кезекке тұрды.

Апта талқысында: