logo
search
menu

Ақтөбеде мәйіті көліктен табылған әйел өліміне қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде мәйіті көліктен табылған әйел өліміне қатысты тың дерек шықты
28 ақпан, 2023
Ақтөбеде мәйіті көліктен табылған әйел өліміне қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтірген, деп хабарлайды taulik.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып, жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып пышақтаған. Қазір ол қамауда отыр. Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
    «Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды», - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы