Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК 28 ақпан-2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды taulik.kz. Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа температурасы жоғарылайды.

Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон ықпалынан жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран соғып, қатты жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында еліміздің шығысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - делінген хабарламада.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін. Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жоғарылайды, тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендейді.

Loading...