Мәзір
28 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Журналистерге шабуыл жасаған шетел азаматы, білікті хакер - ІІМ

Журналистерге шабуыл жасаған шетел азаматы, білікті хакер - ІІМ

Журналистерге шабуыл жасаған шетел азаматы, білікті хакер - ІІМ Журналистерге шабуыл жасаған шетел азаматы, білікті хакер - ІІМ
ашық дереккөзі
Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі. ІІМ және ҰҚК мекемеаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.
"Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту", 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі келтіру", 202-бабы "Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша айып тағылуда. Арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі - шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталды", - делінген хабарламада.
Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Апта талқысында: