Қазгидромет синоптиктері күннің бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.
1 наурызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
1 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.
1 наурызда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші – 15-20 м/с.
1 наурызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
1 наурызда Ақмола облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны – 23-28 м/с.
1 наурыз түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде – тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің күші – 15-20 м/с.
1 наурызда Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
1 наурызда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні – 5-20 м/с.
1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 23-28 м/с.
1 наурызда Павлодар облысының солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні – 23 м/с.
1 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.